Leader Trans Team — мы обеспечиваем эффективные грузоперевозки (авто, авиа) и стремимся быть эталоном дисциплины и качества в транспортной отрасли Центральной ...
Менеджер по продажам( Smart Light Academy )
Описание вакансии
компания "smart light academy"
???? smart light academy командасына сату менеджерін іздейміз!
егер сатуда тәжірибең бар, адамдармен оңай тіл табыса алсаң және жақсы табыс тауып, кәсіби дамығың келсе — бізге қосыл!
компания жайлы
біз ақылды үй (smart home) және электрика салалары бойынша оқыту жүргіземіз.
қазақстанда алғашқылардың бірі болып жаңа мамандық — «ақылды жүйелер интеграторы» бағытын дамытып жатырмыз.
бұл — қазіргі таңда сұранысы артып, қарқынды дамып келе жатқан заманауи бағыттардың бірі. сондықтан сен жай ғана курс емес, нарыққа қажет өнімді сатасың.
сенің міндеттерің:
crm жүйесі арқылы клиенттермен жұмыс жасау;
whatsapp арқылы келген өтінімдерді өңдеу;
клиенттерді мастер-классқа тіркеу;
айлық сату жоспарын орындау.
бізге кім керек?
қазақ тілін еркін білетін;
сату саласында кемінде 6 ай тәжірибесі бар;
әр өтініммен жауапкершілікпен жұмыс істейтін;
нәтижеге жұмыс істеп, табысын өсіргісі келетін;
кәсіби дамуға және жаңа білім алуға дайын маман.
???? жұмыс офлайн, офисте.
біз не ұсынамыз?
???? тұрақты табыс + тиімді бонус жүйесі + сыйақылар
???? жұмыс уақыты: 12:00–20:00
???? график: 6/1, демалыс — жұма
???? қаланың жақсы ауданында орналасқан заманауи әрі жайлы офис
???? жас, белсенді команда
???? компания есебінен тұрақты білім алу және даму
???? үздік қызметкерлерге сыйлықтар мен бонустар
???? нәтиже көрсеткен мамандарға карьерлік өсу мүмкіндігі
???? командалық демалыстар мен тимбилдингтер
бізге жай ғана менеджер емес, бірге өсіп, жақсы нәтиже көрсеткісі келетін адам керек.
егер өзіңді осы сипаттамадан көрсең — өтінім қалдыр!
танысып, барлық шарттарды толық айтып береміз.
