компания skill hub обязанности: · управление хозяйственной деятельностью: полное обеспечение жизнедеятельности дилерского центра (шоу-рум, сервисная зона, ...
Начальник отдела по рекламе и связям с общественностью
Описание вакансии
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі және (немесе) қоғаммен байланыс саласындағы қосымша даярлық.
1. PR бөлімінің ақпараттық әрекеттеріне басшылық жасайды;
2. PR бөлімінің сайттары мен әлеуметтік желілерін ақпараттық жағынан күн сайын жаңғыртып отырады; жарияланатын контенттерді редакциялайды және жариялауды ұйымдастыруды, мақаланың ғылыми және әдеби мазмұнын, көркемдік әрі техникалық ресімделуін бақылауды жүзеге асырады;
3. Тұтынушылардың сұранысын және нарық коньюктурасын ескере отырып, бөлім жұмысының тақырыптық бағытына сәйкес сайттар мен әлеуметтік желілердегі арнайы парақшаларды жетілдірудің, мазмұндық жағынан жақсартудың жылдық жоспарларының жобаларын жасайды;
4. Қоғамның басқа да бөлімдерімен бірлесе отырып, медиа жоспар құрып, мемлекеттік тапсырыс аясында өтіп жатқан шаралар мен медиа жоспарда көзделген мақсаттардың жариялылығын қамтамасыз етеді, ақпараттарды уақтылы ұсынады, басу және шығару бойынша кестеге сәйкес орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
5. Контент дайындау бойынша жұмыстарды орындауға тартылатын сыртқы рецензенттермен, суретшілермен және де басқа адамдармен шарттардың уақтылы жасалуын, басқа ұйымдармен әртүрлі рәсімдеу жұмыстарын орындауға шарттар жасауды және тапсырыстарды рәсімдеуді ұйымдастырады;
6. Орындалған жұмыс үшін есеп айырысу құжаттарын дайындаудың, авторлық қаламақылар мен ақылы қызмет көрсету шарттарындағы төленетін ақы мөлшерін белгілеудің дұрыстығын бақылайды;
2.7. Сайттар мен әлеуметтік желілерді жарнамалау, насихаттау, бұқараға танылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
8. Мемлекеттік тапсырма аясында бөлім жауапты іс-шаралардың тұжырымдамаларын, негіздемелерін, регламентін, сценарийін әзірлеуді ұйымдастырады, жауапты болады;
9. Халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыру барысында дайындық жұмысына қатысып, ҚР қолданыста жүрген заңдары аясында шараның негізгі құжаттарын Қоғамның басқа да мүдделі және тиісті бөлімдерімен бірлесіп отырып жасауды жүзеге асырады;
10. Қоғамның халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларының орындалуын қадағалайды және талдау жасайды;
11. Әлеуметтік желілерде Қоғамның қатысу стратегиясын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуды қамтамасыз етеді;
12. Әлеуметтік желілерде қауымдастықтар мен топтарды құрады, қолдайды және дамытады;
13. Топтар мен қауымдастықтарда контентті (мәтіндер, фотосуреттер, бейнелер, аудио) іздеу, құру және орналастыру мәселелерін жүзеге асырады;
14. Ақпараттық-жарнамалық жұмыстарды жүргізу, әлеуметтік желілерде осы мақсаттағы материалдарды дайындау және орналастыруды ұйымдастырады;
15. Мақсатты аудиторияны тарту, келушілер, жазылушылар, топ мүшелерінің санын арттыруды үйлестіреді.
Подготовка информационных материалов; Дизайн оформления помещаемой на сайт информации ; Наполнение разделов информацией, редактура и корректура материалов; Взаимодействие со средствами массовой информации; Умение работать в команде; Выносливость и усердие; Письменные коммуникативные навыки; Навык ведения переговоров; Поиск и анализ информации; Структурированное решение проблем; Логическое мышление;
