ALTRA Track приглашает в команду повара-пекаря. ЧТО ПРЕДЛАГАЕМ? ? Оплата: 13 000 ₸ за смену➕ Премия за выполнение плана — в среднем 40 000–50 000 ₸? Бесплатный ...
Повар в столовой
Описание вакансии
Азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру (24.10.2025) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: Аспазшы- 1 бірлік, тұрақты. Еңбекақы төлеу шарттары Еңбек және ұжымдық шарттармен анықталады. 1. Аспазшы Функционалдық міндеттері: Асхананың өндірістік – шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асыру; Қажетті шикізаттар мен жартылай фабрикаттарға тапсырыс дайындау; Шикізат сапасын, өнімдерді дайындау технологиясын, қызметкерлердің санитарлық және жеке гигиена талаптарын бақылау; Дайын өнімдерге бракераж өткізу; Тамақтарды сапалы әзірлеу; Тамақ өнімдерін тиімді пайдалану; Нормативтерге сәйкес тамақ салу, шығару нормаларын қамтамасыз ету; Тамақ өнімдерінің дұрыс сақталуын қамтамасыз ету, жұмыс баспанасын жинап-тазалау; Технологиялық құрал-жабдықты, тамақ әзірлеуге, оқушылардың тамақтануына арналған ыдыс-аяқтарды таза ұстау; Пайдалану нормативтері мен технологиясына сәйкес дезинфекциялық және жуу құралдарын қолдана отырып құрал-жабдықтар мен ыдыс-аяқты жуу; Нормативтерге сәйкес дезинфекциялық және жуғыш құралдарды дұрыс сақтау және әзірлеу; Жұмыс орындағы санитария және гигиена ережелерін сақтау, ақ халат және бас киіммен жұмыс істейді; Қауіпсіздік және электр қауіпсіздігі ережелерін, асханадағы технологиялық құрал-жабдықпен жұмыс істеу, жуғыш және дезинфекциялық (залалсыздандырғыш) құралдарды пайдалану ережелерін қатал сақтау; Тамақтандыру блогындағы қызметкерлердің сыртқы түр мәдениетін бақылау; Электр жабдығының сынуы және жарамсыздығы туралы директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарына дереу хабарлайды; Техникалық құрал-жабдықтың жарамдылығын бақылайды; Белгіленген тәртіпте есептерді дайындайды; Міндетті түрде кәсіби медициналық тексерулерден өтеді. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік білім. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 1)қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген; 4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 6)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8)наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 12 қарашадан 2025 жылғы 26 қарашаға дейін (конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде) Қажетті құжаттарды мына мекенжайға тапсырылуы қажет: 090000 индекс, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі,130-үй. Қабылдау бөлмесі телефоны 8 (7112) 51-30-84. Электрондық пошта: sgd_uralsk@mail.kz
Изготовление пищевых продуктов; Ответственность;

