компания чжен преподаватель английского языка (в офисе) highskill academy - это качественные курсы английского языка в связи с расширением мы ищем ...
Преподаватель по физической культуре
Описание вакансии
ХАБАРЛАНДЫРУБос педагогикалық лауазымға орналасуға конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 080000, Тараз қаласы, Крылов көшесі, №1. Телефон номері: 8-7079763341, электронды пошта: pptk2_taraz@mail.kz 18 сағат жүктемемен дене шынықтыру (бейімдеу) мұғалімі (түрақты) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Лауазымдық міндеттері: 1. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың (дене, зият, сенсорлық немесе басқа да даму бұзылыстары бар) дене дамуын, қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру мен жетілдіру жұмыстарын жүргізеді.2. Балалардың медициналық қорытындысы, психологиялық-педагогикалық мінездемесі және жеке даму ерекшеліктері негізінде жеке және топтық бейімделген дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастырады.3. Қозғалыс белсенділігін дамытуға, қимыл үйлесімділігін, төзімділікті, икемділікті, ептілікті және бұлшық ет күшін арттыруға бағытталған жаттығулар кешенін таңдайды.4. Балалардың денсаулығын сақтау, нығайту және аурулардың алдын алу мақсатында профилактикалық және сауықтыру шараларын өткізеді.5. Сабақ барысында қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді.6. Арнайы және жалпы білім беру ұйымдарының педагогтарымен, логопедтермен, дефектологтармен, психологтармен, дәрігерлермен және ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізеді.7. Балалардың қозғалыс белсенділігі мен дене дамуының динамикасын жүйелі түрде бақылайды, мониторинг жүргізіп, нәтижесін талдайды.8. Сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарын, жеке даму бағдарламаларын және есептік құжаттамаларды (журнал, мониторинг парағы, анықтама, есеп) жүргізеді.9. Оқу жылының қорытындысында балалардың дене дамуы мен жетістіктері туралы талдамалық есеп дайындайды.10. Инклюзивті ортада балалардың дене белсенділігін арттыру мен әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайды.11. Оқыту процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты. 12.Әдістемелік бірлестіктер қызметтеріне және басқа да әдістемелік жұмыстарға, іс шараларға қатысады. 13. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындау. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі. Еңбекақы мөлшері:110000 теңге. Лауазымы: дене шынықтыру (бейімдеу) мұғалімі (тұрақты). Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру, құжаттарды өткізу мерзімі: 10.10.2025-21.10.2025 жж. күндері аралығында №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті базасында қабылданады. Конкурстық комиссия кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау отырысы 29.10.2025 жылы Тараз қаласы, Крылова көшесі, №1 мекен-жайда өткізіледі.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8 ) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті әкімшілігі
Моделирование учебно-тренировочных занятий; Планирование тренировочного процесса; Проведение групповых и индивидуальных занятий; Самостоятельность и ответственность; Умение работать в команде; Выносливость и усердие;
