Смартфондарды бағалау маманы
от 230000-250000 тенге
Описание вакансии
ТОО «АЛ Ломбард» өз командасына белсенді Смартфондарды бағалау маманын іздейді!
Eгер сіз тұрақты табыс, ұйымшыл ұжым және өз нәтижеңізге байланысты көбірек табу мүмкіндігін іздесеңіз — біз сізді күтеміз!
Жұмыс тәжірибесі болуы шарт емес: біз бағалаудың барлық қыр-сырын, құжаттарды рәсімдеуді және клиенттермен жұмыс істеуді егжей-тегжейлі үйретеміз.
Біз не ұсынамыз:
Тұрақты табыс: Кепілдендірілген 200 000 KZT оклад + нәтижеге байланысты пайыздар мен бонустар ( 230.000-250.000 және одан да жоғары).
Қосымша кіріс көздері:
Сатылымнан пайыз;
Кепіл операцияларынан пайыз;
Зергерлік бұйымдармен жұмыс істегені үшін қосымша бонустар.
Ыңғайлы 4/2 графигі: 2 күн күндізгі ауысым, 2 күн түнгі ауысым және 2 күн толық демалыс.
Жайлылық: Еркін киім үлгісі (дресс-код жоқ) және жұмыстың барлық кезеңінде қолдау.
Мансаптық өсу: Біз белсенді қызметкерлерді бағалаймыз және басшылық лауазымдарға өз мамандарымызды өсіреміз..
Сенімділік: Жалақыны ешқашан кешіктірмей, уақытылы төлеу.
Міндеттеріңіз:
Клиенттерге кеңес беру және жоғары деңгейдегі сервис ұсыну;
Смартфондар мен басқа да тауарларды бағалау (бағалау технологиясын өзіміз үйретеміз);
Келісімшарттар мен тиісті құжаттарды рәсімдеу.
Үміткер бойынан не іздейміз:
Сату және бағалау саласында білім алып, дамығысы келетін ынта;
Қарым-қатынас жасай алу, ашықтық және ұқыптылық;
Жұмысқа және клиенттерге жауапкершілікпен қарау.
? Жұмыс орны: Сарыагаш қ., Ысмайлова көшесі 68А, «Жайна» 1-қабат