Helper Staff — кадровая компания, специализирующаяся на массовом и операционном подборе персонала и сопровождении кандидатов. Мы работаем по Казахстану и ...
Маркетолог( Daryn.online )
Описание вакансии
компания "daryn.online"
✔️ біз туралы:
???? daryn.ustaz – amanat партиясымен бірлескен, еліміздің барлық өңіріндегі мұғалімдерге арналған республикалық ауқымдағы жоба.
бүгінде жоба:
-
400 000+ мұғалімді қамтиды
-
жасанды интеллектпен жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынады
-
мемлекеттік деңгейде сенім мен танымалдыққа ие
біз мұғалімдерге арналған жасанды интеллект (ai) құралдарын әзірлейміз. мақсатымыз – қазақстандағы әрбір мұғалімнің жұмысын жеңілдететін ai шешімдерін кеңінен тарату.
қандай міндеттеріңіз болады:
- мұғалімдерге арналған ai құралдарын нарыққа шығару және танымал ету.
- мұғалімдер аудиториясына арналған маркетингтік стратегия әзірлеу.
- instagram, facebook, tiktok, telegram, youtube және басқа цифрлық арналарды дамыту.
- онлайн вебинарлар мен презентацияларды ұйымдастыру және жүргізу.
- лид генерациялау және сатылымды арттыру.
- жарнамалық компанияларды жоспарлау, іске қосу және оңтайландыру.
- контент командасымен бірге жұмыс істеу.
- маркетинг нәтижелерін талдау және kpi бойынша есеп беру.
кандидаттан күтеміз:
- қазақ тілінде және орыс тілінде еркін әрі сенімді сөйлей алу.
- камера алдында еркін жұмыс істеу.
- онлайн презентация жүргізе алу.
- мұғалімдер аудиториясының психологиясын түсінеді немесе осы аудиториямен жұмыс тәжірибесі бар.
- digital marketing құралдарын жақсы меңгерген:
- meta ads
- google ads
- tiktok ads
- email/whatsapp маркетинг
- crm жүйелері
- аналитика (ga4, meta pixel және т.б.)
артықшылық болады:
- edtech саласында тәжірибесі болуы.
- онлайн білім беру өнімдерін жарнамалаған болуы.
- вебинар арқылы сатылым жасаған тәжірибесі болуы.
- ai құралдарын қолдана білуі.
біз не ұсынамыз?
- айлық 300 000 ₸ бастап + kpi + жоғары бонус.
- жұмыс кестесі 5/2, 10:00-19:00
- жылдам өсіп жатқан edtech компаниясында жұмыс.
- кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндігі.
- күшті командамен бірге жұмыс.
- қазақстандағы ең үлкен мұғалімдер қауымдастығымен жұмыс істеу мүмкіндігі.
біз іздейтін адам:
сіз жай ғана жарнама баптайтын маман емес, мұғалімдердің қажеттілігін түсінетін, аудиториямен байланыс орната алатын және маркетинг арқылы нақты сатылым әкелетін маман болсаңыз – біз сізді командамызда күтеміз!


