0

Recruiter (FM Online)

от 350000 тенге
МұхамеджанАстана, Акмолинская областьПолная занятостьПолный деньот 1 года до 3 лет

Описание вакансии


Командада 150+ адам. Алда — 2 есе өсу. Ал біз дәл қазір осы масштабқа сай рекрутинг командасын құрып жатырмыз.

FM Online — оқушыларға физика, математика және информатика пәндері бойынша ҰБТ-ға дайындалуға көмектесетін EdTech компания.

Алдағы кезеңде бізді шамамен 200 жаңа қызметкерді жұмысқа алу күтіп тұр: кураторлар, сату менеджерлері, мұғалімдер және back-office мамандары.

Осы өсімді жүйелі басқару үшін рекрутинг командамызды күшейтіп, бизнестің қажеттілігін түсінетін, мықты мамандарды таба алатын және вакансияны ашқан сәттен бастап кандидаттың жұмысқа шыққан күніне дейін нәтижеге жауап беретін Recruiter іздейміз.

Сенің жауапкершілік аймағың

— Бір уақытта 4+ вакансияны full-cycle форматында жүргізу: өтінімді қабылдау, позиция профилін қалыптастыру, кандидаттарды іздеу, сұхбат өткізу, оффер және қызметкердің жұмысқа шығуына дейін;

— Кандидаттарды тек кіріс өтінімдерінен емес, hh.kz, Telegram, LinkedIn, ұсыныстар, университеттер және кәсіби қауымдастықтар арқылы белсенді іздеу;

— Құрылымдалған сұхбаттар өткізу, кандидаттардың құзыреттері мен мотивациясын бағалау;

— Нанимающий жетекшілермен жұмыс істеу: талаптарды нақтылау, кандидат бойынша аргументтелген кері байланыс беру және кері байланыс мерзімдерін бақылау;

— ATS жүйесінде воронканы жүргізу, конверсияны, кандидат көздерінің тиімділігін және наймдағы әлсіз нүктелерді бақылау;

— Тартымды вакансия мәтіндерін жазу және FM Online HR-брендін дамытуға қатысу;

— Найм қарқынын сақтау: мақсатты KPI — айына 6 жабылған вакансия.

Бұл көлемді жалғыз жаппайсың.

Біз қазір жеке рекрутинг командасын құрып, позиция профильдерін, Scorecard, ATS және HR-аналитиканы жүйелеп жатырмыз.

Жаныңда Head of Recruitment және HR-команда болады. Ал сенің өз жауапкершілік аймағың және рекрутинг жүйесінің қалай жұмыс істейтініне әсер ету мүмкіндігің болады.

Маңызды: бұл позицияның негізгі бағыты — рекрутинг.

Кадрлық іс жүргізу, жалақы есептеу, табель жүргізу және корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру сенің функционалыңа кірмейді.

Бізге мэтч болуымыз мүмкін, егер сен:

— рекрутингте 1 жылдан бастап тәжірибең болса — in-house немесе агенттікте;

— айына 5+ вакансия жауып, бірнеше позициямен қатар жұмыс істей алсаң;

— қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлессең;

— нанимающий жетекшіден өтінімді өзің жинап, позиция мен кандидат профилін қалыптастыра алсаң;

— тек кіріс өтінімдерімен шектелмей, қажетті кандидаттарды өзің іздей алсаң;

— кандидаттарды алғашқы әсер бойынша емес, нақты фактілер мен құзыреттер бойынша бағаласаң;

— өз позицияңды аргументтей алып, жетекшілермен серіктестік қарым-қатынас құра алсаң;

— жұмысты жүйелі жүргізіп, кандидаттарды жоғалтпай, нәтижеге жауап бере алсаң.

FM Online-дағы starter pack ?

250 000 ₸ фикс қолға + KPI 100 000 ₸ дейін

KPI ашық әрі рекрутинг нәтижесіне тікелей байланысты.

— 5/2 жұмыс кестесі, 12:00–20:00;

— Астанадағы офис + айына өзің таңдайтын 2 қашықтан жұмыс күні;

— компания есебінен оқыту, соның ішінде Майк Притуланың кәсіби курсы;

— туған күніңде Day Off;

— тоқсанына бір рет командалық іс-шаралар;

— рекрутинг процестеріне әсер ету және HR-командамен бірге кәсіби өсу мүмкіндігі.

Бізге қосылғың келе ме?

Егер саған осындай масштаб қызық болса және ертең FM Online-ды дамытатын адамдарды таңдауға әсер еткің келсе — өтінім қалдыр.

Сопроводительное письмо міндетті емес.

Бірақ бізбен тезірек танысқың келсе, өзің жапқан ең күрделі вакансия туралы 2–3 сөйлем жаз:

Қандай қиындық болды? Оны жабуға не көмектесті?

Іріктеу кезеңдері:
қысқа қоңырау → Head of Recruitment-пен сұхбат → оффер.

Әдетте бүкіл процесс 2 аптадан аспайды

О компании «Мұхамеджан»


Логотип компании Мұхамеджан

FM ONLINE. Подготовка к ЕНТ

Сайт компании

Вакансия опубликована: 15 Сентября 2026. Источник: HeadHunter. ID вакансии: #3607875

Работа в Акмолинской области

Похожие вакансии

Вакансии, которые могут Вас заинтересовать

HR Manager / IT Recruiter
от 300000-400000 тенге
Dreamlab Technologies LtdАстана, Акмолинская областьПолная занятостьПолный деньот 1 года до 3 лет

Dreamlab Technologies - консалтинговая ИТ-компания, оказывающая услуги в области бизнес-консультирования, системной интеграции, проектирования и разработки ...

график 5/2официальное трудоустройство
МұхамеджанАстана, Акмолинская областьЧастичная занятостьПолный деньот 1 года до 3 лет

Аптасына 4–6 онлайн сабақ, 100–150 ҰБТ тапсырмасы және YouTube-та тікелей эфир. Осының бәрі бір мақсатқа арналған: оқушыны информатикадан жоғары балға жеткізу. ...

Партнерские Вакансии (Агентство)Астана, Акмолинская областьПолная занятостьСменный графикдо 1 года

компания мұхамеджан 150+ адамнан тұратын компанияда hr brand-ты бірінші болып өз қолыңмен, өз идеяларыңмен сен құрасың ✨ біз кімбіз?fm online — оқушыларды ...

Партнерские Вакансии (Агентство)Астана, Акмолинская областьПолная занятостьСменный графикдо 1 года

компания мұхамеджан fm online-ға junior hr ???? компанияда 150+ адам жұмыс істейді, алда — екі есе өсу. ал әр жаңа адамның артында құжаттар, мерзімдер және ...

Партнерские Вакансии (Агентство)Астана, Акмолинская областьПолная занятостьСменный графикдо 1 года

компания мұхамеджан командада 150+ адам. алда — 2 есе өсу. ал біз дәл қазір осы масштабқа сай рекрутинг командасын құрып жатырмыз. fm online — оқушыларға ...


Подождите идет загрузка...