0

Аймақтық сату менеджері / Региональный менеджер по продажам

Партнерские ВакансииТараз, Жамбылская областьПолная занятостьСменный графикдо 1 годаНе имеет значение

Описание вакансии



компания "daryn.online"

daryn.online — қазақстандағы жетекші edtech компанияларының бірі. біз жыл сайын мыңдаған оқушыға ұбт, нзм, бил және дарын мектептеріне сәтті дайындалуға көмектесіп келеміз.

біз қазақстан өңірлеріндегі мектептермен жұмыс істейтін, белсенді әрі нәтижеге бағытталған сату мамандарын іздейміз.

бізге кім қажет:

  • жеке көлігі және жүргізуші куәлігі бар;
  • қр бойынша іссапарларға шығуға дайын;
  • адамдармен тез тіл табыса алатын;
  • аудитория алдында еркін сөйлей алатын;
  • сауатты әрі сөздік қоры жақсы;
  • ноутбугы бар;
  • сату саласындағы 1–3 жыл тәжірибесі болса — артықшылық.

біз не ұсынамыз:

  • 100 000 ₸ тұрақты оклад + сатылымнан %;
  • жоғары нәтиже көрсеткен жағдайда айына 1 000 000 ₸+ табыс табу мүмкіндігі;
  • көлік шығындары (бензин және май ауыстыру) компания есебінен;
  • жоспар орындалуына байланысты қосымша бонустар;
  • толық оқыту және жұмысқа бейімдеу;
  • жұмысқа қажетті материалдар мен құралдарды дайындап беру;
  • дамушы орта;
  • карьералық өсу мүмкіндігі.

сіздің болашақ міндеттеріңіз:

  • мектептерде компания өнімдері мен қызметтерін таныстыру;
  • клиенттермен келіссөз жүргізу және сатылым жасау;
  • сатылым жоспарын орындау;
  • клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату.

жұмыс форматы:

  • график: 5/2
  • уақыт: 09:00–17:00
  • сенбі, жексенбі — демалыс
  • мектептердегі негізгі жұмыс уақыты: шамамен 10:00–15:00

егер сіз сатуды ұнатсаңыз, адамдармен еркін сөйлесіп, табысыңызға өз нәтижеңіз арқылы әсер еткіңіз келсе — бізге қосылыңыз!

Вакансия опубликована: 06 Сентября 2026. Источник: Careerist. ID вакансии: #3531652

Работа в Жамбылской области