Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы
Описание вакансии
компания "ртрк казахстан"
міндеттері:- есеп айырысу шоттары бойынша банк құжаттарының көшірмелерін 1с: бухгалтерия бағдарламасында өңдеу және бухгалтерлік есеп шоттарына енгізу.
- төлем тапсырмаларын дайындау, контрагенттердің банктік деректемелерінің дұрыстығы мен сәйкестігін бақылау және оларды «банк-клиент» жүйесі арқылы банкке жіберу.
- банк мекемелерінен қажетті анықтамаларды, хаттарды, растауларды және өзге де құжаттарды алу.
- міндеттемелердің бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмыстарды орындау, өзіне бекітілген бухгалтерлік есеп учаскесі бойынша бастапқы құжаттарды қабылдау және тексеру, оларды өңдеуге дайындау, сондай-ақ ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету.
- басшылықтың немесе жоғары тұрған органдардың сұрауы бойынша толық әрі шынайы ақпаратты уақытылы дайындау және ұсыну.
- бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру, есептілікті жасау үшін қажетті деректерді дайындау және оларды архивке өткізу үшін рәсімдеу.
- лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін тұрақты түрде арттыру.
- бөлім қызметі шеңберінде өз құзыреті аясындағы өзге де жұмыстарды орындау және басшылықтың тапсырмаларын орындау.
- білімі: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық білім.
- жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 3 жыл.
жұмыс шарттары:
- жұмыс кестесі: 5/2
- даму және мансаптық өсу мүмкіндігі;
- әлеуметтік пакет (фитнес-залға жылдық корпоративтік клуб картасы, жұмыс беруші есебінен біліктілікті арттыру, корпоративтік іс-шаралар);
- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйақылар;
- жыл сайынғы еңбек демалысына материалдық көмек;
- тұрақты еңбекақы;
- үлкен әрі тату ұжымда баға жетпес тәжірибе.