0

Преподаватель географии / География мұғалімі ҰБТ-ға дайындайтын қазақ тілінде

до 400000 тенге
ADILАлматы, Алматинская областьЧастичная занятостьГибкий графикот 3 до 6 лет

Описание вакансии


Мөлдір Әділқызының ҰБТ-ға дайындайтын онлайн білім беру орталығы

Біз – Қазақстан бойынша оқушыларды ҰБТ-ға онлайн дайындаумен айналысатын заманауи білім беру орталығымыз. Математика пәні бойынша 12 000-нан астам оқушыны дайындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне үлес қостық. Қазіргі таңда геомат/физмат/инфомат бағытын белсенді түрде дамытып, өз командамызға тәжірибелі әрі нәтижеге бағытталған география пәні мұғалімін іздейміз.

?Алматы қаласынан

Міндеттері:
•⁠ ⁠10–11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға география пәні бойынша дайындау;
•⁠ ⁠⁠Бейнесабақтар түсіру;
•⁠ ⁠Оқу жоспары мен сабақ материалдарын әзірлеу;
•⁠ ⁠Практикалық және талдау сабақтарды тікелей эфирде жүргізу (Google Meet);
•⁠ ⁠Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, жоғары нәтижеге жеткізу;


Талаптар:
•⁠ ⁠География мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім;
•⁠ ⁠ҰБТ-ға дайындаудан кемінде 2 жыл тәжірибе;
•⁠ ⁠⁠Оқушылардан нәтиже шығара білген, кейстері бар;
•⁠ ⁠Онлайн білім бере алатын;
•⁠ ⁠Қазақ тілінде еркін сабақ бере алу;
•⁠ ⁠Онлайн платформалармен және компьютермен жұмыс істей білу;
•⁠ ⁠Пәнді қарапайым, түсінікті әрі қызықты жеткізе алу;
•⁠ ⁠Жауапкершілік, ұқыптылық және пунктуалдылық;
•⁠ ⁠Белсенділік, креативті ойлау және бастамашылдық;
•⁠ ⁠Командамен тиімді жұмыс істей алу.

Біз не ұсынамыз:
•⁠ ⁠Ыңғайлы жұмыс кестесі;
•⁠ ⁠Дайын аудиториямен жұмыс істеу мүмкіндігі;
•⁠ ⁠Кәсіби және мансаптық даму мүмкіндігі;
•⁠ ⁠Білім беру саласындағы қарқынды дамып келе жатқан команда құрамында жұмыс істеу;
•⁠ ⁠Еңбекақы собеседование кезінде талқыланады

Егер сіз оқушыларды жоғары нәтижеге жеткізе алатын, өз пәнін жетік меңгерген және білім беру саласында дамуға дайын маман болсаңыз, біз сізді командамызда көруге қуаныштымыз. Онлайн форматта сабақ бере алатын әрі қазіргі таңда қосымша табыс немесе жаңа даму мүмкіндігін іздеп жүрсеңіз, біз дәл СІЗДІ күтудеміз!

О компании «ADIL»


Логотип компании ADIL

Мөлдір Әділқызының ҰБТ-ға дайындайтын онлайн білім беру орталығы

Біз – Қазақстан бойынша оқушыларды ҰБТ-ға онлайн дайындаумен айналысатын заманауи білім беру орталығымыз. Біздің миссиямыз – сапалы білім беру арқылы әр оқушының қабілетін ашып, армандаған мамандығына және жоғары оқу орнына түсу мақсатына жетуіне көмектесу.

Орталығымыздың басты жетістіктерінің бірі – математика пәні бойынша 12 000-нан астам оқушыны дайындап, олардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне үлес қосуымыз. Бүгінде біз өз жұмысымызды кеңейтіп, физика, информатика, география және Қазақстан тарихы пәндері бойынша да сапалы дайындық курстарын іске қосып жатырмыз. Мақсатымыз – еліміздің әрбір оқушысына қолжетімді әрі нәтижелі білім беру ортасын қалыптастыру.

Біздің командада тәжірибелі педагогтар, әдіскерлер және өз ісінің мамандары жұмыс істейді. Біз қызметкерлерімізге кәсіби өсуге, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және білім беру саласында өз қабілетін дамытуға барлық мүмкіндіктерді ұсынамыз.

Командамыздың негізгі құндылықтары – жауапкершілік, үздіксіз даму, нәтижеге бағдарлану және оқушылардың жетістігі. Біз білім беру саласына жаңашыл көзқараспен қарайтын, үлкен мақсаттарға ұмтылатын және қоғамға пайдасын тигізгісі келетін мамандарды өз қатарымыздан көруге әрдайым қуаныштымыз.

Егер сіз қарқынды дамып келе жатқан білім беру жобасының бір бөлігі болып, мыңдаған оқушының болашағына әсер еткіңіз келсе, біздің командаға қош келдіңіз!

Сайт компании

Вакансия опубликована: 04 Сентября 2026. Источник: HeadHunter. ID вакансии: #3512216

Работа в Алматинской области

Похожие вакансии

Вакансии, которые могут Вас заинтересовать

ADILАлматы, Алматинская областьЧастичная занятостьГибкий графикот 3 до 6 лет

Мөлдір Әділқызының ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығы Біз – Қазақстан бойынша оқушыларды ҰБТ-ға онлайн дайындаумен айналысатын заманауи білім беру ...

Партнерские Вакансии (Агентство)Алматы, Алматинская областьЧастичная занятостьГибкий графикдо 1 года

компания adil мөлдір әділқызының ұбт-ға дайындайтын онлайн білім беру орталығы біз – қазақстан бойынша оқушыларды ұбт-ға онлайн дайындаумен айналысатын ...

ADILАлматы, Алматинская областьЧастичная занятостьУдаленная работаот 3 до 6 лет

Мөлдір Әділқызының ҰБТ-ға дайындайтын онлайн білім беру орталығы Біз – Қазақстан бойынша оқушыларды ҰБТ-ға онлайн дайындаумен айналысатын заманауи білім беру ...