В наш развивающий центр на Батысе нужен преподаватель, который превратит каждое занятие в увлекательное путешествие для малышей от 2 до 7 лет. Что для нас ...
Педагог-психолог, психолог
Описание вакансии
Білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және сақтауға, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Білім алушыларға бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді.
Білім алушылардың жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өтініштері кезінде психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды.
Білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып түзету-дамыту бағдарламаларын жоспарлауға қатысады және әзірлейді.
Білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтаудың әртүрлі жағдайларында бағдарлауға дайындығын дамытуға ықпал етеді.
Әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық).
Білім алушылардың аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді.
Білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуде білім алушыларға, педагогтарға, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек көрсетеді және әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді;
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, Бала құқықтары туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.
Педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында психологиялық қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді.
Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді және оны мақсаты бойынша пайдаланады, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады.
Педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі. Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады.
Кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық принциптерін басшылыққа алады.
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді айқындайды.
Жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін ажыратады.
Білім алушылардың жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды.
Жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер өткізеді.
Білім алушылардың оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады.
Білім алушылардың оқу-танымдық қызметіндегі және әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.
Определение психотипа клиента по вербальным и невербальным признакам; Оценка психологического состояния учащегося ; Подбор соответствующих методов для проведения психодиагностического обследования; Исследование динамики психических нарушений ; Адаптивность; Пунктуальность; Дисциплинированность; Аккуратность; Вежливость; Доброжелательность; Добропорядочность;
