Обязанности: Уборка производственных помещений, уборка общественных зон и служебных помещений. Составление растворов для чистки, мойки, дезинфекции ...
Уборщик спортивных комплексов
Описание вакансии
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ
Ғимаратқа кешенді қызмет көрсету бойынша жұмысшы
1. Жалпы ережелер
1.1. Ғимаратқа кешенді қызмет көрсету бойынша жұмысшы (бұдан әрі – Жұмысшы) осы лауазымдық нұсқаулыққа, еңбек шартына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына, мекеменің ішкі еңбек тәртібі қағидаларына, өрт және қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес жұмыс атқарады.
1.2. Жұмысшы лауазымына орта білімді, тиісті жұмыс дағдылары мен тәжірибесі бар азамат тағайындалады.
1.3. Жұмысшы тікелей шаруашылық бөлімінің меңгерушісіне (немесе басқа уәкілетті тұлғаға) бағынады.
1.4. Жұмысшы өз қызметін орындау кезінде мекеме әкімшілігінің нормативтік актілерін және ішкі тәртіп ережелерін басшылыққа алады.
2. Лауазымдық міндеттері
Жұмысшының негізгі міндеттері:
2.1. Ғимараттың, үй-жайлардың, спорт залдарының, жаттығу бөлмелерінің, қосалқы бөлмелердің және аумақтың тазалығын және санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;
2.2. Жөндеу-бояу, техникалық қызмет көрсету, ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарын орындау (қажет болған жағдайда);
2.3. Спорттық және шаруашылық мүлікті күтіп ұстау, ұқыпты қолдану және бүлінген жағдайда уақтылы хабарлау;
2.4. Жарықтандыру құралдарын, сантехникалық құрылғыларды, есік-терезе механизмдерін қарау, ұсақ ақауларды жою немесе ақау туралы тиісті тұлғаларға хабарлау;
2.5. Жұмыс орындарында және ортақ қолданыстағы аймақтарда (кіреберістер, дәліздер, санитарлық тораптар және т.б.) тазалықты сақтау және қажет болған жағдайда санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу;
2.6. Маусымдық жұмыстарды орындау (қар тазалау, жапырақ жинау, көгалдарды суару және т.б.);
2.7. Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарды сақтау;
2.8. Қызметтік міндеттерін атқару барысында берілген құрал-саймандар мен мүліктерге материалдық жауапкершілікпен қарау;
2.9. Басшылықтың өз құзыреті шегінде берген өзге де тапсырмаларын орындау.
3. Құқықтары
Жұмысшының құқығы бар:
3.1. Жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге;
3.2. Қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттарды, құралдарды, материалдарды сұратуға;
3.3. Қызметтік нұсқауларды орындау барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын талап етуге;
3.4. Мекеме әкімшілігіне қызметін жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізуге.
4. Жауапкершілік
Жұмысшы жауап береді:
4.1. Өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін;
4.2. Жұмыс барысында мүліктік зиян келтіргені үшін – қолданыстағы заңнамаға сәйкес;
4.3. Еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі ережелерін бұзғаны үшін;
4.4. Өрт қауіпсіздігі мен еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтамағаны үшін;
4.5. Қызметтік құпияларды жария еткені үшін.
Очистка и дезинфекция хозяйственного инвентаря ; Проведение уборки; Управление хозяйством; Контроль за соблюдением санитарных норм; Обеспечение санитарного состояния зданий ; Ответственность; Пунктуальность;

