Обязанности: Общее руководство проектом Организация работ. Не менее 5 лет опыта в техническом надзоре и/или на руководящих должностях в строительных ...
Главный специалист, Категория D-O-4
от 327923 тенге
Описание вакансии
Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімі бас маманыныңлауазымдық нұсқаулығы1.Жалпы ережелерМаңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ақпараттық саясат бөлімінің бас маманы (бұдан әрі – Бас маман), өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ басқарманың ережісіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 29 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)», осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан 2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттарды басшылыққа алады.Қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің жұмысына қызмет етеді, бөлім басшысына тікелей бағыныста. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқарма басшысының бұйырығымен лауазымға тағайындалады және атқарып жатқан лауазымнан босатылады.Бас маман болмаған кезеңде оның функциялары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқарма басшысының бұйырығымен айқындалады.1.Бас маманның міндеттері1)Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;2)Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерін қабылдау және қарау;3)Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімінің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;4)Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;5)Бөлімді цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;6)Бөлімнің құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;7)ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңында көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;8)өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;9)өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;10)өңірдегі ішкі саяси үдерістерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен талдауды қамтамасыз ету.2.Бас маманның функциялары1)өңірдегі ірі әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету;2)облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайларда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік және заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;3)қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;4)қазақстандық патриотизмді және этносаралық төзімділікті нығайту бойынша шаралар қолдану;5)жергілікті деңгейде Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын

