Обязанности: Общее руководство проектом Организация работ. Не менее 5 лет опыта в техническом надзоре и/или на руководящих должностях в строительных ...
Главный специалист, Категория D-O-4
Описание вакансии
Өзіне жүктелген міндеттерді уақытылы және сапалы орындау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану. Өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау; Өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру; Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау; Облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру; Жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу; Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау; Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Жер бетінің пішіні мен өлшемдерін зерттеу, карталар мен жоспарларды әзірлеу, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру (Геодезиялық негіздерді құру және құрылыс жобаларын геодезиялық дайындау. Құрылымдардың пайдаланылуы кезінде геодезиялық бақылау жүргізу. Далалық және камералдық инженерлік-геодезиялық жұмыстардың орындалуын бақылау. Аспаптардың техникалық жағдайын тексеру және оларды жұмысқа жарамды қалыпқа келтіру); Е-өтініш жүйесіндегі жер қатынастары саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне заңды мерзімге сәйкес жауап берілуге, карточканы уақытылы толтырып, бақылаудан түсіруге; Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жауапты: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»; «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»; «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»; Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, «Ашық үкімет» интернет порталында ашық НҚА толтыруына және өзектендіруіне жауапты. Іс қағаздары мен құжаттарды ережеге сәйкес жүргізу, сақтау және мұрағатқа тапсыруға ұсыну. Басқарма мүлкіне жауапкершілікпен қарайды. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың, хаттамалық тапсырмалардың орындалысын қамтамасыз етеді. Бөлімге жоғары органдардан, жеке тұлғалардан және басқа тараптардан келіп түскен өтініштермен, хаттарға уақытылы және сапалы жауап береді. Басқарма басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын сапалы орындайды. Қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын ұстанады.

