Обязанности: Общее руководство проектом Организация работ. Не менее 5 лет опыта в техническом надзоре и/или на руководящих должностях в строительных ...
Главный специалист, Категория D-O-4
Описание вакансии
Өзіне жүктелген міндеттерді уақытылы және сапалы орындау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, негіздеу, іске асыру және нәтижелерге қол жеткізу. Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алуға және тіркеу бюджеттік бағдарламасы бойынша арнайы өнімдерді мемлекеттік сатып алу өткізу үшін құжаттарды дайындайды. Арнайы өнімдерді қалалар мен аудандарға жіберуді жүзеге асырады. Мемлекет көрсететін қызметтер бойынша есептіліктерді қалыптастырады. «Easy Project» жүйесіне АӨК саласындағы іс-шараларды орналастырып олардың орындалуын қадағалайды. Бөлім қызметіндегі ақпараттық автоматтандырылған жүйелердің жұмысын қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізеді. Саны зиян тигізудің экологиялық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық ісшаралар ұйымдастырады және жүргізеді. Өсімдік карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалайды. объектілерінде осы объектілердің иелері - жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ, мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүргізуін ұйымдастырады. Уәкілетті орган ведомствосы аумақ бөлімшелерінің ұсынуы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде тиісті аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды. Фитосанитариялық мониторинг жүргізеді және зиянкестер, аурулар мен арамшөптерден, сондай-ақ карантиндік объектілерден дақылдарды қорғау үшін профилактикалық және жою шараларын ұйымдастырады. Экологиялық қауіпсіздік және нормалау рәсімдерін басқару үшін ауыл шаруашылығындағы экологиялық заңдарды, нормативтік және басқа да құжаттаманы талдайды. Агроэкожүйелердің жай-күйін бағалайды, адам денсаулығы үшін қауіпті негізгі заттарды анықтауға және жоюға ұсыныс береді. Ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласында қазіргі заманғы жағдайларда агроценоздардың экологиялық жай-күйін бағалау. Ауыл шаруашылығы аумақтары мен агроөнеркәсіп кешеніне өсіп келе жатқан техногендік жүктеменің әсерін төмендетуге ұсыныс беру арқылы экологияға тиетін әсерді азайту. АӨК жерлері мен қоршаған ортаның ластаушысы: мал шаруашылығы кешендерінің, фермалар мен құс фабрикаларының қалдықтары мен сарқынды суларын тазарту, улы химикаттар мен пестицидтерді орынды пайдалану, өңдеу өнеркәсібінің қалдықтарын жою, өндірістік және технологиялық тәртіпті күшейту арқылы төтенше экологиялық жағдайдың алдын алу. Экологиялық талаптар сақтау арқылы аграрлық өндірістің экономикалық тиімділігі арттыру. Өсімдік шаруашылығындағы экологиялық тепе теңдікті сақтау тыңайытқыштарды дұрыс қолдану, ауыспалы егіс жүргізу топырақты эрозиядан сақтау қажет. Осы егін шаруашылығының шығарған өнімін қауіпсіз қылуға мүмкіндік береді. Бөлімге қатысты нормативтік және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлауға қатысады. Іс қағаздары мен құжаттарды ережеге сәйкес жүргізу, сақтау және мұрағатқа тапсыруға ұсыну. Басқарма мүлкіне жауапкершілікпен қарайды. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың, хаттамалық тапсырмалардың орындалысын қамтамасыз етеді. Бөлімге жоғары органдардан, жеке тұлғалардан және басқа тараптардан келіп түскен өтініштермен, хаттарға уақытылы және сапалы жауап береді. Басқарма басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын сапалы орындайды. Қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын ұстанады.

