Ищем специалиста, который умеет работать с детьми с различными особенностями речевого и психоречевого развития и готов работать в команде с детским неврологом, ...
Учитель-логопед
Описание вакансии
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Ақтөбе қаласының «Пригород орта мектебі» КММ «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығының 3-тарауына сәйкес 1 жүктеме логопед-мұғалім (қазақ, орыс тілінде оқытылатын кластар үшін) уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті" РММ-нің хаты және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы"Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ 2025 жылғы 07 тамыздағы N15-5-08-30/444 хатына сәйкес ҰБДҚ-ның (модуль) жұмыс істемеуіне байланысты құжаттар қағаз жүзінде қабылданады.
Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Пригородный т/а, Бейбітшілік көшесі, 4 ғимарат, телефон 73 02 37, электронды пошта: prigorodyandex.kz@mail.ru.
Лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы 7-параграф 64,65,66-тармақтары
Жалақы мөлшері:тарификацияға байланысты.
14-22 тамыз аралығында конкурсқа құжаттарды қабылдау электрондық немесе қағаз түрінде жүргізіледі.
Құжаттар тізімі аталған бұйрықтың 113-тармағына сәйкес төмендегідей:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Конкурс 28 тамыз күні "Пригород орта мектебі" КММ-нің Әдістемелік кабинетінде 14.30-да өтеді.
Ведение и составление документов; Выявление причин возникновения дефектов ; Работа с учащимися с особыми потребностями; Организация образовательного процесса; Оценка психологического состояния учащегося ; Ответственность; Терпеливость; Умение работать в команде; Вежливость;
