компания apple 3 мы в apple tree уже с 2013 года влюбляем детей в английский язык, помогаем им побеждать на олимпиадах и открываем для них весь мир. мы не ...
Уборщик в школах
Описание вакансии
Қызметтік жайларды жинап тазалаушы мына лауазымдық міндеттерді орындайды:
3.1. Оқу мекемесінің оған бекітілген қызметтік және оқу жайларын жинайды (сыныптар, кабинеттер, дәліздер, сатылар, жуынатын орындар, дәретханалар және т.б.);
3.2. Қолмен немесе құралдардың көмегімен қабырғаларды, едендерді, терезе жақтауларын және шыныларды, жиһазды және кілем өнімдерін сыпырады және жуады,шаңды сүртеді;
3.3. Қоқыс салатын жәшіктерді қағаздан тазалайды және оларды дезинфекциялық ерітіндімен жуады, қоқысты жинайды және оны белгіленген орынға шығарады;
3.4. Унитаздарды, раковиналарды және басқа да санитарлық-гигиеналық жабдықты тазалайды және залалсыздандырады; жуынатын орындарда (дәретханаларда) сабын (сұйық сабын) және дәретхана қағазын қояды;
3.5. Тазаланатын жайларда санитария мен гигиена талаптарын сақтайды, оларды желдетуді қамтамасыз етеді;
3.6. Белгіленген тәртіпке сәйкес жарықтандыруды қосады және айырады;
3.7. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып қажетті жуу және залалсыздандыру ерітінділерін дайындайды;
3.8. Қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
3.9. Бекітілген аумақтағы тәртіпті бақылайды, оқушылар жағынан болған айқын тәртіп бұзылуын әдепті сақтай отырып тоқтатады және заңды талапқа бағынбаған жағдайда кезекші педагогқа бұл туралы хабарлайды;
3.10. Әрбір жұмыс күнінің басында және аяғында, жабдықтардың, жиһаздардың, құлыптардың және басқа бекітілетін құрылғылардың, терезе шыныларының, крандардың, раковиналардың, жуынатын жерлердің, электр аспаптарының (ажыратқыштар, розеткалар, кішкентай шамдар және т.с.) және жылу құралдарының жарамдылығын тексеру мақсатында бекітілген аумақты аралап шығады; айына бір рет бекітілген аумақта түбегейлі тазалауды өткізеді;
3.11. Бекітілген аумақта терезелерді іш жағынан (бірінші қабатта – ішкі және сыртқы жағынан) жуады;
3.12. Тұтас перделерді, перделерді таза жағдайда ұстайды, перделерді жылына екі рет немесе олардың кірленуіне қарай жуады;
3.13. Мәжіліс және спорт залдарын, жайларды мектепішілік іс-шараларға дайындауда қатысады;
3.14. Бекітілген аумақта сантехниканың, жылыту радиаторларының, есік құлыптарының, терезе тиектерінің, шынылардың және т.б. ақаулығын тапқан жағдайдасұраным журналына тиісті жазу қалдырады немесе оқу мекемесінің шаруашылық меңгерушісіне ауызша ақпарат береді;
3.15. Оқу мекемесі әкімшілігінің бірлі-жарым жеке тапсырмаларын орындайды;
3.16. Заттар мен құралдарды шаруашылық мақсатына тиімді жұмсауға жауапты;
3.17. Вахтердағы жұмыс уақытын тіркеу журналында күнделікті өзінің жұмысының басталу және аяқталу уақытын белгілейді;
3.18. Оқу мекемесінде, тұрмыста, қоғам орындарында қоғамдық жағдайына сай тәртіптің этикалық нормаларын сақтайды.
Мекеме қызметінің мамандандыруын;еңбек ұйымдастыру негіздерін; техникалық құралдарының пайдалану ережелерін; ҚР еңбек туралы және еңбекті қорғау заңнамаларын; ішкі жұмыс күнтәртібі ережелерін; еңбек қорғау нормалары мен қауіпсіздік техникасын, өндіріс санитариясын және өртке қарсы қорғану ережелерінбілуі керек.
Послеуборочная обработка; Уборка общественных зон и служебных помещений; Аккуратность; Вежливость;




