Новый золотодобывающий проект приглашает технического лидера, который возьмет на себя создание и запуск нового золотодобывающего производства. Мы ищем одного ...
Главный энергетик
Описание вакансии
Лауазымдық міндеттері: ұйымның бірінші басшысының және оның орынбасарларының жалпы басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің өзара әрекеттестікте өз міндеттерін орындайды; өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) бөлімше жұмысын бағыттау және үйлестіру жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады, әкімшілік мәселелерді шешеді; энергетикалық және табиғатты қорғау құрал-жабдықтары мен энергия жүйелерін техникалық жағынан дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді, өндірісті электр энергиясымен, бумен, газбен, сумен және энергияның өзге де түрлерімен үздіксіз қамтамасыз етуді, кәсіпорындағы энергетика ресурстарының тиімді жұмсалуын бақылауды, үнемдеу режимі кезектілігінің сақталуын ұйымдастырады; энергетика цехтары мен шаруашылықтарының жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауды, энергетика құрал-жабдықтары мен энергия желілерін жөндеу кестелерін, өндіріс жоспарларын және ұйымның электр энергиясын, технологиялық отынды, буды, газды, суды, сығымдалған ауаны пайдалану кестелерін, энергияның барлық түрлерін пайдалану нормалары мен режимдерін әзірлеуге басшылық етеді; энергетикалық жабдықтарды, материалдарды, қосалқы бөлшектерді сатып алуға, кәсіпорынға электр және жылу энергиясын беруге және энергиямен жабдықтау кәсіпорындарына қосымша қуат беру көзін жалғауға арналған тапсырыстар беру мен оларға қажетті есеп айырысуларды, энергия ресурстарының шығын нормаларын азайту, энергия құрылғыларының неғұрлым сенімді, үнемді және қауіпсіз жұмыс істеуіне, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруға себепші болатын жаңа техниканы енгізуді қамтамасыз етеді; энергия шаруашылықтарының перспективалық даму жоспарларын, өндіріс тиімділігін көтеру жоспарларын әзірлеуге, кәсіпорынды қайта жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, өндіріс процестерін кешенді механикаландыру және автоматтандыру құрал-жабдықтарын ендіру жөнінде ұсыныстар дайындауға, кәсіпорынды және оның бөлімшелерін энергиямен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту мен түрлендіру жобаларын қарауға, жұмыс істеп тұрған энергия объектілерін жаңадан жобалау және қайта жаңғыртуға техникалық тапсырмалар жасауға қатысады; дайындалған жобалар бойынша қорытынды береді, өндірістің пайдалануына энергия қондырғылары мен желілерін сынақтан өткізу мен қабылдауға қатысады; жерасты ғимараттарды және коммуникацияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуді, байланыс құралдарын, сигнализацияны, есепті, бақылауды, қорғау және автоматиканы тексеруді ұйымдастыруды, сондай-ақ қазандықтардың және жоғары қысымда жұмыс істеп тұрған ыдыстарды мемлекеттік техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдарға уақтылы көрсетуді қамтамасыз етеді; отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін, энергия қондырғылары жұмысының сенімділігі мен үнемділігін арттыру, аварияларды болдырмау, оларды пайдалану барысында қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасау бойынша шаралар дайындауды ұйымдастырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіптің, энергия қондырғыларын пайдалану және энергия жабдықтары мен желілерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; кәсіпорынды электр энергиясымен, бумен, сумен және энергияның өзге де түрлерімен жабдықтауға өзге ұйымдармен шарт жасайды, олардың орындалуын бақылайды; кәсіпорындағы энергия жабдықтарының сақталуын, есепте болуын және қозғалысын, сондай-ақ электр энергиясы мен отынның есебін жүргізу және шығынды, энергия шаруашылығы жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, авариялар және оның себептерін талдауды ұйымдастырады; энергетикалық құрал-жабдықтарды пайдалану, отын-энергетика ресурстарын үнемдеу және тиімді пайдалану саласында тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізеді, энергия құрылғыларын пайдалану жөнінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал етеді; энергия шаруашылығы учаскелерінде еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруді, жұмыс орындарын аттестаттау мен рационализациялауды жүргізуді, энергия жабдықтарын жөндеу мен пайдаланудың жаңа озық әдістерін енгізуді қамтамасыз етеді; энергия жабдықтарын және энергиямен қамтамасыз етуді жетілдіруге қатысты рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарға қорытындылар береді, қабылданған ұсыныстарды енгізуді ұйымдастырады; жұмыскерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Білуге тиіс: заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері және ұйымды энергетикалық қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік материалдар; ұйымның ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымының саласы, бейіні, мамандануы және даму перспективалары; ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздері, экономикалық қызмет түрінде және ұйымда өндірісті энергетикалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмысының жүйесін және құралдарды тиімді пайдалану, энергетикалық жабдықтардың, энергияны пайдаланатын құрылғылардың өндірістік қуатын, техникалық сипаттамалары, құрылымдық ерекшеліктері және жұмыс режимі, оларды пайдалану тәртібі; құрал-жабдықтардың және өндірістің жұмысын жоспарлау тәртібі мен әдістері, техникалық құжаттарды әзірлеу және дайындау бойынша тәртібі, нұсқаулықтар және өзге де басшылыққа алынатын материалдар, құрал-жабдықтарды құрастыру және жөндеуден кейінгі қабылдау және тапсыру тәртібі; қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама, энергетикалық құрал-жабдықтардың пайдалануда, жөндеуде және түрлендіруде еңбекті тиімді ұйымдастыру талаптары, отын-энергетика ресурстарының шығын нормаларын әзірлеу тәртібі; ұйымды электр энергиясымен, бумен, сумен және өзге де энергия түрлерімен жабдықтауға арналған шарттарды жасау тәртібі;өндірісті энергетикалық қамтамасыз ету саласында отандық және шетелдік озық тәжірибе; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері; еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
68. Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті экономикалық қызмет түрінде мамандығы бойынша лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Анализ состояния и режима работы линий электропередачи; Контроль охраны труда, пожарной безопасности и охраны окружающей среды; Ликвидация аварийных и чрезвычайных ситуаций; Ответственность; Аккуратность; Аналитическое мышление; Инициативность;




