Требуется Тренер-преподаватель по спорту, полный рабочий день, Заработная плата: от 120000 до 150000 Тенге
Тренер
Описание вакансии
2.1. Одан әрі спорттық тұрғыдан жетілдіру үшін перспективалы спортшыларды іріктеуді қамтамасыз етеді;
2.2. Дайындықтың жылдық және ағымдық жоспарларын әзірлейді, спортшылармен атқарған жұмысының нәтижелері мен мазмұнын жүйелі есепке алады, талдайды, жинақтайды;
2.3. Бөлімше спортшыларының топтарымен, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық топтарға жататындармен оқу-жаттығу және тәрбиелік жұмыстар жүргізеді (оқу-жаттығу процесін жоспарлайды, әр спортшыға даярланудың жеке жаттығу жоспарын жасайды);
2.4. Спортшылардың жоспарланған жаттығу жүктемелерінің, спорттық көрсеткіштерінің және қажетті сауықтыру іс-шараларының жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз етеді;
2.5. Спортшылардың теоретикалық, физикалық, техникалық және спорттық дайындығын арттыруды, жаттығулар барысында олардың денсаулығын нығайтуды және сақтауды, оқу-жаттығу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
2.6. Спортшылардың спорттағы тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістерді пайдалану жағдайларын алдын алу және болдырмау жұмыстарын ұйымдастырады;
2.7. Спортшылардың уақтылы медициналық тексерістен өтуін, олардың антропометриялық өлшемдердің, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулардың негізінде дәрігерлердің ұсынымдарын және бақылау жаттығуларының орындалуын бақылайды;
2.8. Спортшылардың жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындықтары бойынша бақылау нормативтерін өткізеді;
2.9. Есепке алу және есептілік құжаттамасын сапалы жүргізуді және басшылыққа уақтылы ұсынуды жүзеге асырады;
2.10. Жаттықтырушылардың семинарларына қатысады;
2.11. Спорт этикасының сақталуын қамтамасыз етеді;
2.12. Спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;
2.13. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді діни немесе өзге де нанымдарды қабылдауға мәжбүрлеу не олардан бас тарту үшін білім беру, оқу-жаттығу, тәрбие процесін пайдалануға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Оценка физического состояния учащихся; Планирование тренировочного процесса; Проведение групповых и индивидуальных занятий; Ответственность; Системное мышление; Умение работать в команде; Дисциплинированность; Устные коммуникативные навыки; Мультикультурность и открытость;
