Требуется Вожатый, полный рабочий день, Заработная плата: от 180000 до 200000 Тенге
Вожатый
Описание вакансии
Аға тәлімгер:
2.1. балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметінің дамуына ықпал жасайды;
2.2. балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің бағдарламаларын жасауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен түрлерін жаңартуға ықпал етеді;
2.3. балалар мен жеткіншектердің бастамасын, жас ерекшеліктеріне сәйкес қызығушылықтары мен қажеттілігін ескере отырып, жұмысын жоспарлайды;
2.4. ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады;
2.5. балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп жатқан ұйымдар, бірлестіктер туралы кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасайды;
2.6. балалар мен жасөспірімдердің азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын арттырады, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асыру үшін қажетті жағдай жасайды;
2.7. білім беру ұйымдарында жалпы мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың танымдық демалысын, олардың бос уақыттарын қызықты да пайдалы өткізуге, ұйымдастыруға ықпал етеді;
2.8. өзіне сеніп тапсырылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқоршылық жасайды;
2.9. демалыс кезінде олардың демалуын ұйымдастырады.
2.10. балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибені зерделейді және қолданады;
2.11. балалардың ұйымдары мен бірлестіктері алғашқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушын) дайындау және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізеді;
2.12. білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды ауыстырушылармен тығыз байланыста жұмыс жасайды;
2.13.1-11 сынып жетекшілерінің «Атамекен» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізеді;
2.14.1-11 сыныптарда және мектепішілік «Жолда жүру ережесі» бағытында жүргізілетін іс-шараларға жауапты;
2.15.оқушылармен «Жас инспекторлар» бірлестігін құрып олармен бірге жұмыс жүргізеді;
2.16.оқушылармен «Жас өрт сөндірушілер» ұйымын құрып олармен бірге жұмыс жүргізеді;
2.17. оқушылармен, балалармен және ата-аналармен көшеде, суда, т.б. кездесетін жол-көлiк оқиғаларынан, жарақаттанып қалудың алдын-алу шараларын ұйымдастырады
Наставничество и обучение; Проведение инструктажей по технике безопасности; Оказание первой медицинской помощи; Проведение групповых и индивидуальных занятий; Самостоятельность и ответственность; Стратегическое мышление; Умение быстро принимать решения; Умение работать в команде;
