Требуется Юрисконсульт на полную ставку с зарплатой от 222239 тенге в месяц.
Юрисконсульт
Описание вакансии
Орталықтың Заң консультантының лауазымдық міндеттері.
2.1. Құкықтық сипаттағы құжаттарды әзiрлейдi немесе әзірлеуге қатысады;
2.2. Ұйымдағы құқықтық жұмысқа әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
2.3. Құрылымдық бөлiмшелер мен қоғамдық ұйымдарға түрлi құқықтық құжаттарды даярлауға және ресiмдеуге көмектеседi;
2.4. Наразылықтар кері қайтарылған кезде негiзделген жауаптар даярлауға қатысады;
2.5. Ұйымның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бiрлесiп талан-тараж, ысырап қылу, кем шығу, сапасыз, стандартты емес және жинақталмаған өнімнің шығарылуы, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың бұзылуы туралы және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдарды оларды тергеу және сот органдарына тапсыру үшiн дайындайды;
2.6. Жүргізіліп жатқан және орындалып аяқталған сот істерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады;
2.7. Шарт, қаржы және еңбек тәртiбiн нығайту, ұйым мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
2.8. Анықталған кемшiлiктердi жою және ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін жақсарту туралы ұсыныстар әзірлеу мақсатында наразылықтарды, сот істерін қарау нәтижелерін, шаруашылық шарттарды жасау және орындау практикасын зерттеуді, талдауды және жалпылауды жүргізеді;
2.9. Шаруашылық шарттар жасау жөніндегі жұмысқа, олардың құқықтық сараптамасын жүргізуге, ұжымдық шарттардың және салалық келiсiмдердiң шарттарын әзірлеуге, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешек мәселелерін қарауға қатысады;
2.10. Құрылымдық бөлiмшелердің анықтамаларды, есептеулерді, түсiнiктемелердi және наразылықтарға жауаптарды дайындау үшін қажетті өзге де материалдарды уақытында ұсынуын бақылайды;
2.11. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды және есептеу құралдарын қолдану негiзiнде анықтамалық құжаттаманы дайындайды;
2.12. Ұйымның қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер, кері қайтаруға жолданатын нормативтiк актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысады;
2.13. Ұйым жұмыскерлеріне қолданыстағы заңнама және оған енгiзiлген өзгерiстер туралы ақпарат беруді, ұйымның лауазымды адамдарын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады;
2.14. Ұйым жұмыскерлеріне ұйымдық-құқықтық және басқа да заң мәселелері жөнiнде консультациялар бередi;
2.15. Қорытындылар дайындайды, мүліктік-құқықтық сипаттағы кұжаттар мен актілерді ресімдеуде жәрдем көрсетеді.
Ведение и составление документов; Контроль соблюдения законодательных актов ; Заключение договоров и контрактов; Обслуживание физических и юридических лиц; Рассмотрение жалоб и претензий по спорным вопросам ; Оказание правовой помощи в составлении юридических документов; Регистрация юридических лиц, эмиссий ценных акций ; Адаптивность; Ответственность; Умение работать в команде; Дисциплинированность; Выносливость и усердие; Устные коммуникативные навыки; Поиск и анализ информации; Компьютерная грамотность;
