Требуется Тренер-преподаватель по спорту, полный рабочий день, Заработная плата: от 120000 до 150000 Тенге
Тренер
Описание вакансии
Аға жаттықтырушы облыстағы спорт түрін (түрлерін) дамыту стратегиясын анықтайды;
Спорт түрі (түрлері) бойынша федерациялармен, мемлекеттік органдармен, спорт және басқа да мекемелермен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді, облыста спорт түрін (түрлерін) насихаттауды қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимыл жасайды;
Спортшылардың тыйым салынған препараттар мен әдістерді (допингке қарсы) қолдану жағдайларының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
Аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарларын қалыптастырады;
Жас ерекшеліктеріне сәйкес облыстық құрама жасақтарында сабақтастықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
Облыс құрама командасын дайындайды және олардың спорттық шараларға қатысуын ұйымдастырады;
Дайындықтың әрбір кезеңінде облыс құрама командасының жоғары спорттық нәтижеге қол жеткізудегі мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;
Болашағы зор спортшыларды іріктейді және спорт түрлері бойынша облыстың құрама командасын одан әрі толықтырады;
Аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерінен облыс құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады;
Спортшыларды дайындауға қатысатын облыс құрама командасы мүшелерінің жаттықтырушыларының жұмысын қамтамасыз етеді және бақылайды;
Проведение аттестации профессионального уровня; Оценка физического состояния учащихся; Самостоятельность и ответственность; Сотрудничество и взаимодействие; Умение работать в команде; Выносливость и усердие; Лидерство;
