Воспитатель в детский сад
Описание вакансии
Балаларға білім беру және тәрбие беру:
Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын жүргізу.
Баланың жас ерекшелігіне сәйкес білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Танымдық, шығармашылық, сөйлеу, моторика және әлеуметтік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелеу мен дамытудың қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету:
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жауапты болу.
Санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалау.
Төтенше жағдайлар кезінде балаларды эвакуациялау тәртібін білу және орындау.
Тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру:
Перспективалық және күнделікті жоспар құрастыру.
Тақырыптық сабақтар, ойындар, мерекелер, экскурсиялар ұйымдастыру.
Балалармен жеке және топтық жұмыс жүргізу.
Ата-аналармен (заңды өкілдермен) байланыс:
Ата-аналармен тұрақты қарым-қатынас орнату.
Баланың даму динамикасы туралы ақпарат беру.
Тәрбиеге қатысты ұсыныстар, кеңестер беру.
Құжаттаманы жүргізу:
Баланың күнделікті қатысуы, денсаулығы, даму көрсеткіштері бойынша журнал жүргізу.
Педагогикалық диагностика нәтижелерін рәсімдеу.
Әр сабақтың есеп-құжаттарын толық әрі уақтылы толтыру.
Өзін-өзі кәсіби жетілдіру:
Біліктілікті арттыру курстарына қатысу.
Әдістемелік отырыстар, семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысу.
Педагогикалық инновацияларды меңгеру және қолдану.
Топ бөлмесінің тәртібі мен эстетикасы үшін жауап беру:
Оқу-ойын ортасын жабдықтау және ұқыпты сақтау.
Балаларға эстетикалық талғам мен тазалық дағдыларын дарыту.
Адаптивность; Ответственность; Пунктуальность; Самостоятельность и ответственность;